Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,7% құрады, делінген ҚР ұлттық экономика статкомитетінің сайтындағы хабарда.
«2019 жылдың қаңтар-ақпанында 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда шикі мұнай өндірісі, табиғи газ бен металл кендерінің өндірісі артқан. Азық-түлік тағамдарының, сусындардың, мұнайды қайта өңдеу, химия өнеркәсібі өнімдерінің, резеңке және пластмасса бұйымдар мен көлік құралдары өндірісінің көлемі артқан. Бұл ретте темекі өнімдері мен қара металлургия өндірісі төмендеген», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі республиканың 13 өңірінде өскен.
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 2,7% өсті
