Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі мен құрылыс саласында артта қалған өңірлер аталды

Астана. 16 маусым. КазТАГ – Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі мен құрылыс саласында артта қалған өңірлер аталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қалуда: 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7% болды. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында сала 6,4% өсті. Алайда өсу қарқыны төмендеуде – бір ай бұрын өсім 6,6% болған. Негізгі себеп – өндіру көлемінің өсуіне қарамастан өңдеуші өнеркәсіптің баяулауы. Өнеркәсіп өндірісінің индексінің төмендеуі үш өңірде тіркелді: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау (96,2%) және Қостанай облысы (97,6%)», – деп хабарлады дүйсенбіде премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, өңдеуші өнеркәсіптегі жоспардан кейін қалу, ең алдымен, металлургия саласына қатысты, ол өңдеуші өнеркәсіп құрылымында 40% алады. Кеңесте сондай-ақ басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптеріндегі өсу әлеуеті қаралды.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы жылдың бес айындағы елдің ЖІӨ өсуінің құрамдас бөліктері және экономикаға ең үлкен үлес қосатын салалардың даму динамикасын жеделдету мүмкіндіктері талқыланды.

«Тағы бір белсенді өсу қарқыны бар сала – құрылыс. Бес айда 15,4% өсіммен жұмыстар көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда екі өңірде – Атырау және Ұлытау облыстарында – артта қалу тіркелді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы аясында зауыттағы жұмыстардың тоқтатылуына байланысты қарқын төмендеді, Ұлытауда (78,4%) – тау-кен саласындағы нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының қысқаруына байланысты», – деп  қосты үкіметте.

Тұрғын үй құрылысы секторында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Бес айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 5,7% жоғары.

«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ-нің 6% өсуіне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордың барлық салалары белгіленген индикаторларға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жою және қарқыны баяулаған әрбір сала үшін ай сайынғы нақты жоспарлар әзірлеу қажет, осылайша компаниялар өнім шығаруды арттыра алады», – деп атап өтті Жұманғарин.

adimage