Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ – Өнеркәсіп өндірісінің көлемі Қазақстанда 4,9% өсті, деп хабарлады ҚР ИДМ сайтынан.
«Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,9%-ға өсті. Темір кенін өндіру көлемі 7,5%-ға өсіп, түсті рудалардың көлемі 102,9%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,5%, химия өнеркәсібінде 8,2%-ға, жиһаз өндіруде 5,1%, қағаз 9,2 %-ға, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,3%-ға өскен», - деп атап өтті ҚР үкіметінің отырысында сөйлеген ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр.
Оның айтуынша, 2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,8%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 104,9%, өңдеу өнеркәсібі 105,1%. Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өнім көлемі өскен.
Көлік кешенінде 9 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 104,6% құрады. Өсім қарқынының аздап төмендегені байқалады.
Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.14 облыста оң серпін бар.
«9 айдың қорытындысы бойынша 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспары 73%-ға орындалды. Жалпы республика бойынша 77 099 бірлік баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 383 - жеке тұрғын үй бар. Тұрғын үйлерді тапсыру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда», - деді ҚР инвестиция жөніндегі бірінші вице-министр.
Жалпы, 2018 жылдың соңында министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша нақты көлем индексінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51