Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаңтар-қарашада 4,5% -ға өсті

Күні: 18:52, 14-12-2018.

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаңтар-қарашада Қазақстанда 4,5% -ға өсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
Статақпарға сәйкес, 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша шикі мұнай, табиғи газ және металл кенінің өндірісі өсті. Азық-түлік, темекі, мұнай өңдеу, химия өнеркәсіьінің өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургиялық өнеркәсіп және машина құрылысы өндірісінің көлемі артқан. Бұл ретте шырындар мен металл емес минералды өнім өндірісі төмендеген.
Шикі мұнай көлемі 11 айда 70,6 млн тонна (былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3% өсті) құрады, мыс кені – 94,7 млн тонна (+7,4%). Бензин шығарылымы 3,6 млн тонна (+28,9%), газойл – 4,3 млн тонна (+8,3%). Жайпақ прокат өндірісінің көлемі 2,5 млн тоннаға (-5,5%) жетті, тазартылған мыс – 0,4 млн тонна (+3,8%), электроэнергия – 97 млрд кВтсағ (+4,4%), ұн – 3,7 млн тонна (+2,7%) болды.


Жаңалықтармен бөлісу: