Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы тамызда бір жылда 5,1% -ға өсті

Күні: 16:35, 04-09-2018.

Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - Өнеркәсіп өнімдерінің  бағасы тамызда бір жылда Қазақстанда 5,1% -ға өсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
Статақпарға сәйкес, 2018 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы тамызмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Балық және теңіз өнімдеріне – 7,1%; кондитерлік өнімдерге – 7,6%; тоқаш және ұн өнімдеріне – 5,9%; макарон өнімдеріне – 2,5%;  шай және какаоға – 1,9%; жемістер мен көкөністерге – 1,5%; нан мен ұнға 0,8%-ға;  жармаларға – 13%, қантқа 10,6% төсмендеді.
Алкогольді ішімдіктерге – 10,7% өсті.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдеріне баға өсімі 6,9%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі – 8,1%-ға, жылқы етіне – 9%, шошқа етіне – 6,6%, шұжық өнімдеріне – 7,2%, қой етіне – 6,3% жоғары болды.


Жаңалықтармен бөлісу: