Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 99,8% құрады

Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2% азайды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің таратқан хабарында.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Темекі, резеңке және пластмасса бұйымдары өнімдерінің өндірісі қысқарды. Төмендеу Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, облыстарында және Астана қаласында тіркелді.
Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, қағаздардың, автокөлік құралдарының өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды.

Биылғы қаңтар-қыркүйектегі өндіріс көрсеткіштері кестеде көрсетілген:

 

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

60,0

99,1

мыс кендері, млн.тонна

29,2

94,1

ұн, млн.тонна

2,8

101,5

бензин, млн.тонна

2,2

113,7

газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна

3,7

96,3

портландцемент, млн.тонна

6,4

116,7

жазық илек, млн.тонна

1,9

117,1

тазартылған мыс, млн. тонна

0,2

75,2

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

68,3

101,3

 


adimage