Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлемі қаңтар-қазанда 0,3%-ға азайды

Күні: 18:28, 11-11-2014.

Aстана. 11 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлемі қаңтар-қазанда 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға азайды, делінген ҚР қаржы министрлігінің сататкомитетінің сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, 2014 жылғы қаңтар-қазанда 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Темекі, резеңке және пластмасса бұйымдары өнімдерінің өндірісі қысқарды. Төмендеу Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Астана қаласында тіркелді.
Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, қағаздардың, мұнай өңдеу өнімдерінің, автокөлік құралдарының, портландцементтің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды.
2014 жылғы қаңтар-қазандағы өнімнің жеке түрлерінің өндірісі:
- мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна - 66,698,4;  мыс кендері, млн.тонна - 32,594,0   ұн, млн.тонна - 3,2100,3; бензин, млн.тонна - 2,5114,7; газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна - 4,298,5; портландцемент, млн.тонна - 7,1114,6; жазық илек, млн.тонна - 2,1116,3; тазартылған мыс, млн. тонна - 0,276,9; электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.- 76,5101,4


Жаңалықтармен бөлісу: