Қазақстанда өнімділігі 50ц/га болған жағдайда кем дегенде 450 мың тонна жинап алуды жоспарлауда

Күні: 16:32, 05-09-2018.

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысында күріш жинау ресми түрде басталды, делінген «Қазақ-Астық» («Казах-Зерно») агенттігінің сайтында.
«2018 жылы әр гектардан орташа есеппен 50 центнер алынады деп есептегенде кем дегенде 450 мың тонна жинау жоспарлануда», - делінген хабарда.    
Компанияда еске салғандай, 2017 жылы облыс күрішшілері күріш егістігінің барлық тарихында рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 502 525 тонна жинады, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 20% жоғары.
Былтыр орташа өнімділік 55,3 ц/га құраған.


Жаңалықтармен бөлісу: