Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленді

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда оққушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру мақсатында. Аталған шара білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтанудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ асханалары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыру форматын көздеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы құжатты іске асыру тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу тетіктерін енгізуге мүмкіндік береді», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жобада мектептегі тамақтанудың келесідей талаптары қарастырылған: білім беру ұйымдарында орналасқан буфеттерде сатуға арналған тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жасына байланысты тағамдардың шығуының ұсынылатын массасы; білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін тамақ өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну нормалары; ерекше диеталық қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді/оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету ерекшеліктері; құрамында глютені бар тағамдар; мәзірді жоспарлау және т.б.

Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында дайындауға және өткізуге рұқсат етілмейтін тамақ өнімдерінің тізбесі де көрсетілген: қатық, сүзбе, айран, ет салмасы қосылған құймақ, флотша дайындалған макарон, кремі бар кондитерлік өнімдер, кремді емес кондитерлік өнімдер мен тәттілер, технологиялық өңделген ет және балық өнімдері (шұжық өнімдері, ысталған ет), кофе және кофе сусыны, кептірілген және кепкен балық және т.б.

Құжат жария талқылауда 2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін қол жетімді болады.

adimage