Қазақстанда қорғаныс саласында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша конкурс жарияланды

Күні: 12:33, 31-10-2018.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге Конкурс жарияланды, деп хабарлады қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылымы басымдығы аясында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыруға мынадай мамандандырылған бағыттар бойынша  конкурс жариялайды: «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-ғарыш технологияларын дамыту», «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту», «Ұшкыссыз авиация кешендері өндірісінің технологияларын дамыту», - делінген сәрсенбідегі ведомство хабарында.  
Министрлікте нақтыланғандай, конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылға 30 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін қабылданады.
«Конкурстың мақсаты ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыру бөлу арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуетті және ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымдарының, сондай ақ ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: