Қазақстанда ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетін ашпақ

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетін ашпақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті», - деп үкіметтің қаулысының жобасында айтылған.

Түсіндірме жазба бойынша, қаулы жобасын қабылдау нәтижесінде ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады және жобаны қабылдау осы комитетке салалық мәселелерді дербес және жедел шешуге мүмкіндік береді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage