Қазақстанда педофилге химиялық кастрация жасауға бірінші өтінім тіркелді

Күні: 18:29, 03-09-2018.

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда педофилге химиялық кастрация жасауға бірінші өтінім тіркелді, деп мәлім етті ҚР-дағы бала құқығы жөніндегі өкілетті Сәуле Айтпаева.
«Иә (химиялық кастрацияға өтінім бар - ҚазТАГ)», - деді журналистердің сауалына жауап берген С.Айтпаева баспасөз мәслихатында.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны жүргізу және оны қолдану ережелері туралы бұйрығы күшіне енді.
Бұл ретте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева атап өткендей, бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрацияны жүргізуге бір өтінім келіп түскен.
«Соттың шешімі негізінде химиялық кастрацияны жүргізуге бір өтінім келіп түсті», - деді ол.
Бұл ретте ведомство өкілі қай қаланың соты мұндай шешімді шығарғанын нақтыламады.   Жалпы оның ақпарынша, Қазақстанда химиялық кастрация жасауға 2 мыңнан астам екпеге Т9 млн. астам қаржы бөлінді.


Жаңалықтармен бөлісу: