Қазақстанда полицейлер үшін жаңа киім үлгісін енгізу кейінге қалдырылды

Күні: 19:36, 28-02-2019.

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан ІІМ полицейлер үшін жаңа киім үлгісін енгізуді кейінге қалдырды, деп мәлімдеді ведомство басшысы Ерлан Тұрғұмбаев.
«Форманы бүгінгі күні кейінге қалдырамыз», - деді Тұрғұмбаев журналистерге үкімет кулуарында.
«Шын мәнісінде бізде бірінші кезектегі міндет - аттестация өткізу. Содан кейін – қысқарту есебінен жалақыны арттыру. Және тек содан кейін ғана біз формаға кірісеміз. Бірінші кезекте біз үшін полицейлердің тұрмысы маңызды, сосын формаға көшеміз», - деді министр.
Бұл ретте ол еске салғандай, полицейлердің аттестациясы екі айдан кейін өтеді.
Еске салсақ, 22 қазанда ІІМ өкілі Қазақстан полицейлерінің формасы өзгеретінін мәлімдеген болатын. Ол қазір отандық киім шығарушылардың түрлі ұсыныстары қаралып жатқанын нақтылады.


Жаңалықтармен бөлісу: