Қазақстанда президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды

Күні: 09:45, 29-04-2019.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұсыну кезеңі 2019 жылғы 10 сәуірден 28 сәуір сағат 18:00 дейін болды», - делінген ҚР Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарында.
ОСК-ге президенттікке үміткер ретінде келесі тұлғалардың құжаттары ұсынылды: қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясынан), Әміржан Қосанов ("Ұлт тағдыры "Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінен), Сәдібек Түгел ("Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігінен), Төлеутай Рақымбеков ("Ауыл "халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінен), Дания Еспаева ("Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінен), Аменгелді Таспихов («Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен), Жамбыл Ахметбеков ("Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінен), Талғат Ерғалиев ("Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінен) және Жұматай Әлиев ("Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен).
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: