Қазақстанда құрамында аса қауіпті фенспириді бар тағы екі дәрі сатылымда жүр

Күні: 11:43, 20-02-2019.

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда құрамында аса қауіпті фенспириді бар тағы екі дәрі сатылымда жүр, деп хабарлады «Астана» арнасы.
«Эреспал» препаратының баламалары да бар. Олар - украиналық «Инспирон» және түркиялық «Тирфинс» препараттары. Біз «Эрасполды» кері ақтарып алсақ, мына препараттардың сатылымын заңнамаға сәйкес уақытша тоқтаттық. Мүмкін көбінде алып тастаған шығар. Кейбірінде әлі бар. Бұл не дегенмен де адами фактор ғой. Мүмкін біреулер естімеген шығар. Ондай да болуы мүмкін», - деді денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Бұл ретте ол мәлімдегендей, кері қайтарып алу рәсімі жетілдірілуде.
«Оның үстіне, қазір, сіздер, естіген боларсыздар, медикаменттерді бақылаудың пилоттық жобасы әзірленуде. Сол кезде дәрінің сатылымын тоқтата тұру туралы хабар, мен ойлаймын, лезде тарайтын болады деп», - деп санайды фармация комитеті басшысының орынбасары.
Хабарда атап өтілгендей, сатылымнан алып тасталған препараттардың көлемінің қанша екені, қанша таблетка мен шәрбәт шынысының қолға кеткені туралы фармация комитеті білмейді, алайда препараттар дәрігердің нұсқамасы бойынша ғана сатылады.
«Бұл бақылау жүйесі де жетілдірілуде», - делінген хабарда.
Әзірге науқастарға аталмыш дәрілерді қолдануды тоқтатып, дәрігерімен кеңесу ұсынылуда.
«Мұндай ақпараттық жүйе әзірге қалыптастырылуда. 20-шы жылдан бастап біз дәрігердің барлық нұсқамасын электронды етуді жоспарлап жатырмыз. Міне сол кезде біз оны көретін боламыз», - деді Н. Асылбеков.
Еске салсақ, 14 ақпанда Франция дәріханаларынан алынып тасталып жатқан аса қауіпті «Эреспал» дәрісінің Қазақстанда сатылып жатқаны хабарланған еді. Хабарда атап өтілгендей, «Эреспал» жүрек жұмысын бұзып, оның тоқтауына да жеткізетін аса қауіпті препарат. Сол күні белгілі болғандай,қазақстандық билік аса қауіпті препараттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алған. Сонымен қатар, денсаулық министрлігінде хабарлағандай, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің құрамына кіретін фармбақылау саласындағы қауіптерді бағалау комитетінен нақты ұсыныс алғанға дейін Қазақстанның мемлекеттік дәрі-дәрмек тізілімінде тіркелген құрамында МНН фенспириді бар басқа да препараттардың тіркеу куәліктерін тоқтата тұру туралы ұсыныс жасалды.


Жаңалықтармен бөлісу: