Қазақстанда Құрбан айт мерекесі аталып өтуде

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мұсылмандары кешеден бері құрбандық шалу мерекесі – Құрбан айт мерекесін атап өтуде.
«Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам», - деп келтірілген жексенбіде Ақордада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі.
Оның айтуынша, «имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі».
«Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды. Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!» - деді Тоқаев.
Еске салсақ, Құрбан айт (құрбандық шалу) – Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде және Рамазан айынан кейін 70 күн өткесін аталып өтетін ислам мерекесі.
2019 жылы Құрбан айт жексенбі – 11 тамызға сәйкес келіп тұр, Алайда демалыс күні дүйсенбіге жылжытылмайды.
«Қазақстан Ресубликасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес егер демалыс күніне (сенбі және жексенбі) мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер сәйкес келген жағдайда демалыс күндері жылжытылады.

adimage