Қазақстанда ресейлік және беларустік құс фабрикаларының өнімдері сатылымнан алынып тасталуда

Күні: 13:22, 23-11-2018.

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - Қазақстанда ресейлік және беларустік құс фабрикаларының өнімдері сатылымнан алынып тасталуда, деп хабарлады ҚР ДCМ ТҚҚК баспасөз қызметінен.  
«Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде мына кәсіпорындардың Қазақстанға Ресей мен Беларусиядан жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын анықтады», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Хабарда нақтыланғандай,  «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - сорпа жиынтығының сынамаларында сальмонелла (Salmonella С тобы) текті бактериялар анықталды (балапан-бройлер етінен жасалған жартылай фабрикаттар); «Смолевичи Бройлер» ААҚ (Беларусь Республикасы) - балапан-бройлер «Микс» құс етінен жасалған жартылай фабрикат сынамаларында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес: филе, сан, қанаты;  «СПК Курников» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - «Натуральный» құс етінен жасалған туралған ет сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған.
Қазіргі уақытта сауда нысандарынан қауіпті өнімді алып тастау, сондай-ақ  өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.
Бұл ретте комитет заңбұзушылықтардың туындау себептеріні анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.


Жаңалықтармен бөлісу: