Қазақстанда республикалық жолдардың үштен бірі ақылы болады

Күні: 14:05, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР инвестициялар және даму министрлігі республикалық жолдардың 30% бөлігін ақылы негізге көшірмекші, деп мәлім етті ведомство вице-министрі Жеңіс Қасымбек.
«Келешекте біз республикалық автожолдардың 30% участкесін ақылы негізге көшірмекшіміз. Олар Астана-Теміртау, Астана-Павлодар, Алматы-Қапшағай трассалары болады. Онда трафик тығыз және бұл жобалар өзін ақтайды», - деді Ж. Қасымбек сәрсенбі күнгі брифингте.
Астана-Щучинскі тас жолынан биыл біз ақылы негізде болғасын 1,2-1,3 млрд теңге жинап алмақшымыз. Бұл бізге норматив бойынша осы жолды 100% күтуге мүмкіндік береді», - деді ол.  
ИДМ баспасөз қызметінің мәліметтерінше, І-ІІ техникалық санаттағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға деген қаржы тапшылығын қысқарту мақсатында жүріп өтудің ақылы жүйесі енгізілуде. Жыл басынан бері Астана–Щучинск жалғыз ақылы автомагистралінде қаражат жиналуы 886,6 млн теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,1 млрд. теңге болады, олардың 30%-ы шетелдік машиналардан түсетін жиын. 2017 жылға дейін тағы екі трасса – Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай, ақылы болады.
2022 жылға қарай жалпы жиын республикалық маңызы бар 7 мың км жол бойында алынатын болады. Бұл жағдай оларды қаржыландыру қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


Жаңалықтармен бөлісу: