Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-сәуірде 8,4% өсті

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Т625,5 млрд. құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4% жоғары, деп көрсетілген ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
«2019 жылдың қаңтар-сәуірінде жұмыстың барынша көп көлемі инженерлік құрылым құрылыстарында – Т136,8 млрд, өнеркәсіп ғимараттарында – Т102,1 млрд, тұрғын үй ғимараттарында – 90,3 млрд, автомагистральдерде, көше, жол, темір жолдарда, көпір және тоннельдерде – Т66,1 млрд, тау-кен өндірісі мен қайта өңдеуші өнеркәсібінде – Т50 млрд», - делінген құжатта.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылдың төрт айында 13 766 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 13050 –і тұрғын үй, және 713-сы тұрғын үй емес. Жалпы білім беретін мектеп саны -3, мектепке дейінгі мекеме – 19 және амбулаторлық-емханалық мекеме-1.

adimage