Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-қыркүйекте 9,7% өсті

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Т3,6 трлн құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 9,7% жоғары, деп хабарлады ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан.
«2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жүргізілген жұмыстардың басым бөлігі өнеркәсіп құрылысында орындалған - Т652 млрд және тұрғын үй кешенінде - Т649 млрд, инженерлік құрылыста - Т649 млрд, автомагистральде, көшелер мен жолдарда - Т612 млрд, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібінде - Т183 млрд», - делінген құжатта.
Статақпарға сәйкес, қаңтар-қыркүйекте 30 924 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған, оның 29705-і тұрғын үй және 1219 тұрғын үй емес.
Пайдалануға берілген жалпы білім беру мектептері – 20, мектепке дейінгі мекемелер – 20, ауруханалар – 11 және амбулаторлық-емханалық мекемелер – 5.

adimage