Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтарда Т73,9 млрд. құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,5% өсті, делінген ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
«2020 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстарының көбі инженерлік салада (Т18,3 млрд), кеңсе ғимараттарында – Т13,7 млрд, өнеркәсіптік ғимараттарда – Т10,5 млрд және тұрғын үй саласында (Т10,3 млрд), тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде (Т9,9 млрд) жүргізілген», - делінген комитеттің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылдың қаңтарында 3248 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 3131-і тұруға арналған және 117-сі тұруға арналмаған, 3 мектепке дейінгі мекеме, үш амбулаторлық-емханалық мекеме пайдалануға берілген.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07