Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда сәрсенбі күні телерадиоарналардың жұмысы 14 сағатқа толығымен тоқтайды, деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.
«16 қазанда сағат 3.00-17.00 аралығында спутниктік, эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желілері құрылғыларында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарда хабар тарату уақытша толығымен тоқтатылады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
«Қазтелерадио» АҚ Қазақстандағы телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор болып табылады.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22