Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда сәуір-маусымда өндірістік қуат жүктемесінің деңгейі барлық салада өсті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 2-тоқсанында барлық қарастырылып отырған салаларда өндірістік қуат жүктемесінің (ӨҚЖ) өсуі орын алды.). Өткен тоқсанда өндірістік қуатты барынша жүктеген (ӨҚЖ>=90%) кәсіпорындар тау-кен өнеркәсібінде басым болды (22,2%). Бұндай кәсіпорындардың үлесі өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында әлдеқайда төмен (сәйкесінше 10,5% және 11,2%)», - делінген сәрсенбіде таратылған Ұлттық банктің салалық конъюнктуралық шолуында.
Хабарда атап өтілгендей, құрылыс саласы кәсіпорындарының көпшілігінің өндірістік қуатты жүктеу деңгейі 50%-дан төмен (37,6%).
Нәтижесінде орташа өндірістік қуаттарды пайдаланудың ең жоғары деңгейі тау-кен өнеркәсібінде сақталып отыр (64,2%).
«2019 жылдың 2 тоқсанында құрылыстағы ӨҚЖ – нің едәуір жоғарылауына қарамастан (54,5%), ол өндірістік потенциалын ең аз қолданатын сала болып отыр. Бұл ретте, құрылыс саласындағы ӨҚЖ динамикасының құбылмалылығы саланың маусымдық факторларға тәуелділігімен байланысты болғанымен түсіндіріледі. Қалған салаларда орташа қуатты пайдалану деңгейі 54% - 59% аралығында», - делінген құжатта.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26