Қазақстанда сәуірде наурызбен салыстырғанда төлем карточкаларымен жүргізілген операциялар көлемі азайды

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар көлемі азайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар көлемінің 21%-ға азаюы байқалады. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялар 18%-ға, ал қолма-қол ақша шешу операцияларының көлемі 25%-ға қысқарған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұл елдегі карантинға байланысты енгізілген шектеулер нәтижесіндегі халық белсенділігінің азаюы себебінен болып отыр.

adimage