Қазақстанда сәуірде қолма-қол АҚШ долларын сату-сатып алу бес есе қысқарды

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанның айырбас пункттерінде АҚШ долларын сату-сатып алу сәуір айында наурызға қарағанда бес есе қысқарған, Т35,89 млрд дейін, деп хабарлады Ұлттық банк.
«Сәуір айында ҚР айырбас пункттері  қолма-қол АҚШ долларын сату-сатып алуды наурыз айымен салыстырғанда бас есе қысқарған - Т178,5 млрд.-тан Т35,89 млрд. дейін», - делінген сейсенбіде ҚР Ұлттық банк сайтында орнастырған есебінде.
Сонымен қатар, қолма-қол АҚШ долларын сату-сатып алу көлемі өңірлер бойынша да әр түрлі көрініс тапты.
Мәселен, АҚШ доллары Шымкентте ең көп сатылған-сатып алынған – Т8 млрд. Алматыда – Т5,5 млрд, Маңғыстау облысында –Т4,6 млрд.
Еуроға қатысты операциялар сәуірде 1,9 есе қысқарған, Т2 млрд. дейін, ресейлік рубль – төрт есе, Т13 млрд. дейін, британдық фунт стерлингі – төрт есе, Т49 млн. дейін, қытайлық юань – 343 есе, Т1,7 млн. дейін.

adimage