Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

Күні: 10:27, 31-05-2019.

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде ірі қалаларда ХХ ғасырдың 30 және 40 жылдары КСРО тоталитарлық билігінің құрбаны болғандарды еске алуға арналған шаралар өтуде.
Түрлі бағалаулар бойынша, Қазақстанда репрессияның алғашқы толқыны барысында саяси себептерге байланысты тек 100 мыңнан астам адам сотталған, оның 25 мыңдайы ату жазасына кесілген.
Қазақстан аумағында репрессияға ұшырағандарға арналған ірі лагерлер орналасқан - «Дальний», «Песчаный», «КарЛаг», «АЛЖИР», «Степной» және «КамышЛаг».
Қазақстанға репрессия жылдары Кеңес Одағының басқа өңірлерінен этникалық қағидасы бойынша 5 млн астам адам жер аударылған, оның ішінде жүз мыңдаған неміс, Кавказ халқы, он мыңдаған корей отбасылары, мыңдаған грек отбасылары, Қырым татарлары бар.
Қазақстан үшін қазақтың зиялы қауым өкілдерін жаппай қудалау ауыр соққы болып тиді, олардың көбі атылды.
1993 жылы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" ҚР заңы қабылданды, ал 1997 жылы 5 сәуірде президент 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.


Жаңалықтармен бөлісу: