Астана.28 қараша.ҚазТАГ- Алена Субботина. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың күні мен тәртібін хабарлады.
Кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Науқан 16 күнге созылады.
Үміткерлерді тіркеу 26 күнге яғни 29 қараша мен 24 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Сайлау науқанын өткізуге 19 күн белгіленді – 24 желтоқсан мен 13 қаңтар сағат 00:00-ге дейін.
13 қаңтар - тыныштық күні.
14 қаңтар дауыс беру күні.
20 қаңтарға дейін ОСК сайлау нәтижелерін жариялайды.
«Конституцияға сәйкес Парламент депутаты соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматы болуы керек. 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі кемінде бес жылды құрайтын адам үміткер бола алады», -деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17