Қазақстанда шетелдік қатысуы бар банктер валютаның жартысына жуығын сатып алды– Ұлттық банк

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың ІІІ тоқсанында шетелдік қатысуы бар банктер шетел валютасының 48,4% сатып алды, деп хабарлады Ұлттық банктен.
«Шетелдік қатысуы бар банктер шетел валютасының нетто-сатып алушысы ретінде болды, үлесі биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 48,4% құрады (2019 жылғы ІІ тоқсанда – 46,1%)», - делінген Ұлттық банк сайтындағы ІІІ тоқсанға арналған қаржы нарығының шолуында.
Құжатқа сәйкес, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда шетел валютасының нетто-сатып алу көлемі 3,7 млрд АҚШ долларынан 3,5 млрд АҚШ долларына дейін 6,8% азайды.
2019 жылғы ІІІ тоқсанда шетел валютасын сату жөніндегі шетелдік қатысуы бар банктердің үлесі биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 37,7% құрады (2019 жылғы ІІ тоқсанда – 31,5%). Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда шетел валютасының нетто-сату көлемі 2,6 млрд АҚШ долларынан 2,7 млрд АҚШ долларына дейін 6,1% ұлғайды.
Валюта нарығының қалған қатысушылары (резидент банктер, даму банктері) шетел валютасының нетто-сатушысы ретінде болды.
Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда АҚШ долларын сату көлемі 5,6 млрд АҚШ долларынан 4,5 млрд АҚШ долларына 19,4% төмендеді.
2019 жылғы ІІI тоқсанда халық 764,7 млрд. теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды, өткен тоқсанмен салыстырғанда шығыстар 17,6%-ға азайды.
2019 жылдың ІІI тоқсанында шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 64,6%, Ресей рублін – 21,3% және еуро – 13,7% сатып алуға бағытталды.

adimage