Қазақстанда ШОБ саласындағы қызметкерлердің 60% жуығы медкөмектің кеңейтілген көлемінен қағылуы мүмкін

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандағы шағын және орта бизнес саласындағы қызметкерлердің 60% жуығы медициналық көмектің кеңейтілген көлемінен қағылуы мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«25 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ жұмыс берушілерінің 41% ғана өз қызметкерлерінің деректерін өзектендірді. Яғни, жұмыс берушілердің уақтылы ақпарат беруіне байланысты Қазақстан бойынша ШОБ қызметкерлерінің жартысынан көбі сақтандырылмаған күйінде қалып отыр», - деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) баспасөз қызметінен.
Қор ақпарынша, ШОБ секторында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. Олар жүйеде сақтандырылған болу үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін беріп, ай сайын жаңартып отыруы керек.
«Жұмыс беруші өз қызметкерінің сақтандырылуына, медициналық көмекті уақытында ала алуына олардың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты екенін түсінуі қажет. Өкінішке орай, кейбір өңірлерде ШОБ субъектілерінің тартылу деңгейі төмен», - деді ӘМСҚ-нен.
Қор ақпарынша, ең жауапты облыстар: Алматы облысында (субъектілердің 73% деректері өзектендірілген), Батыс Қазақстан (67%) және Қостанай (58% жуық) өз қызметкерлерін медициналық сақтандыру туралы қамқорлық танытқан ең жауапты жұмыс берушілер.
Түркістан облысының жұмыс берушілері ең аз белсенділік танытуда - ШОБ субъектілерінің 84% жұмыскерлерінде сақтандырылу мәртебе жоқ, Атырау облысы - 67% астам, Нұр-Сұлтан қаласы - 64% астам және Алматы қаласы - 64% жуық.

adimage