Қазақстанда сирек және жерде сирек кездесетін металдардың отандық саласын дамытумен айналысады

Астана. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда сирек және жерде сирек кездесетін металдардың отандық саласын дамытумен айналысады, деп хабарлады «Таукен-Самұрық» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.  
«Жерде сирек кездесетін металдардың бірқатар түрлеріне әлемдік сұраныс жоғары және ұсыныстан артық болыр отыр. Жерде сирек кездесетін металдар топтарының элементтеріне деген қажеттілік олардың радиоэлектроника, машина жасау, атом, химия салаларында, қорғаныс және ғарыштық өнеркәсіп салаларында кең қолданылуымен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда ЖСМ нарығында Қытай сөзсіз монополист болып табылады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда..
Тау-кен компанияларының осы ерекше бағытқа төмен қызығушылық танытып отырғандығының негізгі себептері, бұл ЖСМ өндіру және байыту шығынының жоғары болуы және тиісті технологиялық схемалар мен жабдықтардың жоқтығы.
«Қазақстанның сирек және жерде сирек кездесетін металдар өндірісін кеңейту үшін елеулі әлеуетті мүмкіндіктері бар. Елімізде сирек және жерде сирек кездесетін металдардың шамамен 40 түрін құрайтын кен орындары бар. Мысалы, Қарағайлы ақтас, Жанет, Құндыбай, Ахметкино, Жаңа Ахмировское және басқа. Бұдан басқа, мамандар техногендік-минералдық түзілістерді қайта өңдеу жолымен, сондай-ақ, уран өндірісінің пайдаланылған ұңғымаларынан бағалы, сирек және жерде сирек кездесетін металдар алудың үлкен перспективалары туралы айтуда», - дейді мамандар
Бірінші кезеңде «Тау-Кен Самұрық» ресурстық базаның, өндірістік және технологиялық қуаттардың болуы бойынша талдамалық деректерді жинауды, өзектендіруді және талдауды бастады. Бұл үшін ұлттық компания өкілдерінің қатысуымен ЖСМ саласында тиісті білімі мен құзыреттері бар сарапшылармен бірқатар пікірталастық кездесулер өткізілді.
Сарапшылық қауымдастықтан алынған деректерді қорытындылап, талдағаннан кейін «Тау-Кен Самұрық» өндірудің және қайта өңдеудің оң экономмикалық тиімділігі бар, сондай-ақ технологиялық схемалары анағұрлым орынды жерде сирек кездесетін металдардың тізбесін айқындайды.

adimage