Қазақстанда соңғы 9 айда 400 мыңнан астам автокөлік тіркелген және қайта тіркеуден өткен

Күні: 15:19, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстанда  ағымдағы жылдың 9 айында 409,3 мың автокөлік тіркелген және қайта тіркеуден өткен, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Астанадағы арнайы ХҚКО-да 9 айда 14 870 жүргізуші куәлігі, автокөлік басқару үшін 562 сенімхат беріліп, 102 943 автокөлік тіркелген және қайта тіркеуден өткен. Жыл басынан бері 2014 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-да 94 892 жүргізуші куәлігі, 16 958 сенімхат беріліп, 409 296 автокөлік құралы тіркеліп, қайта тіркеуден өткен», - делінген жұмада таралған хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: