Қазақстанда соңғы тәулікте пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда соңғы тәулікте пневмониядан 20 адам қайтыс болды, деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Соңғы тәулікте коронавирусты инфекциядан 10 адам, пневмониядан 20 адам қайтыс болды», - деді Цой бейсенбідегі брифингте.
Ол атап өткендей, соңғы тәулікте елде 1247 адам пневмониямен ауырып жатыр.
«Статистика толыққанды жарияланып отыр. Қазір біз біріктірілген статистикаға көштік, енді симптомды және симптомсыз науқастар бірге көрсетіледі, бұл біздегі нақты жағдайдың қандай екенін түсіну үшін керек және әр науқас ауру белгісіне қарамастан ауруды жұқтырушы болып есептеледі. Сондықтан біздің міндетіміз оның көлемін түсіну. Сонымен қатар біз пневмония санына де мониторинг жасаймыз. Соңғы тәулікте елде 1247 адам пневмониямен ауырып жатыр, әрине біз мониторинг жүргіземіз және тиісті терапиямен қамтамасыз етеміз», - деді ол.

adimage