Қазақстанда сот орындаушылары алименттерді бірінші кезекте өндіріп алатыны туралы заң күшіне енді

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда сот орындаушылары алименттерді бірінші кезекте өндіріп алатыны туралы заң күшіне енді, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда сот орындаушылар алименттерді бірінші кезекте өндіріп алатын болады. Бұрын кейбір жеке сот орындаушылар, оларды аса қызықтырмағандықтан мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созатын жағдайлар болатын», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
«Заңда атқарушылық іс жүргізудің сапасын жақсарту жолымен азаматтардың құқықтарын қорғау мен уақытылы іске асыруды, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар істер санаттары бойынша қамтамасыз етуге, аса назар аударылады», - делінген әділет министрлігінде.
Қабылданған түзетулермен жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітілді..
«Бұрын кейбір жеке сот орындаушылар, оларды аса қызықтырмағандықтан мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созатын жағдайлар болатын. Енді мұндай іс жүргізу бойынша бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара құқықтарын жұмыс беруші бұзған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыты мен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Заң 2020 жылғы 8 шілдеде, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енді», - делінген хабарда.

adimage