Қазақстанда су басу қаупі бар елді-мекендердің үштен бірінде қауіп сейілмей тұр – ІІМ

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда су басу қаупі бар елді-мекендердің үштен бірінде қауіпсіздік қамтылмай отыр, деп мәлімдеді ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.
«2017 жылдан бері біз жол картасын, яғни су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешенін жүзеге асырып келеміз. Су басу қаупі бар 1055 елді-мекеннің тек 692-сінде, яғни 65%-да әлі де қауіпсіздік жағдайларының қамтылмағаны қорқыныш тудырып отыр», - деді Ильин сәрсенбі күні «Қазақстандағы су қауіпсіздігі: жағдайы, проблемалары мен ұсынымдар» тақырыбындағы парламенттік тыңдалым барысында.
Бұл ретте бес жылға арналған су басу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол картасының бюджеті Т100 млрд. құрайды, оның 60% – республикалық, 40% – жергілікті бюджет.
«Біз бүгін көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша ведомство аралық комиссия өткізіп жатырмыз, ол жерде ағымдағы жылы орындаулы тиіс тармақтардың орындалмауына әкімдіктердің назары аударылатын болады. Мәселен, Қарағанды облысында жергілікті бюджет есебінен үш шара орындалмай қалуы мүмкін, себебі қаржы бөлінбеген», - деді Ильин.

adimage