Қазақстанда суық антициклон тағы үш күн сақталады

Күні: 14:36, 27-10-2014.

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда суық антициклон тағы үш күн сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Суық әрі қуатты антициклон Қазақстанда әлі үш күн сақталады, бірақ ол ақырындап шығысқа ығысып, ыдырай береді, солтүстік бағыттан соққан жел ақырындап оңтүстік-батыс желімен ығысып, оңтүстіктегі жауған қар еріп кетеді», - делінген ведомство дүйсенбі күні таратқан хабарда.
Синоптиктер Қазақстан аумағына лап қойған арктикалық суық ауа өзімен бірге қар ала келіп, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жаууына соқтырды.
«Осыған байланысты солтүстіктегі облыстарда ауа температурасы кәдімгіден 8-12º градус төмендеді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: