Қазақстанда суық және кең алқапты антициклон сақталады

Күні: 12:12, 14-11-2018.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда суық және кең алқапты антициклон сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Суық және кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды. Республиканың басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі»,- делінген синоптиктердің болжамында.
Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар, ал 17 қарашада батыс желінің күшеюі және  бұрқасын күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: