Қазақстанда төлқұжаттар мен жеке куәліктерді латын қарпімен шығару жоспарлануда

Күні: 13:14, 12-11-2018.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда төлқұжаттар мен жеке куәліктерді латын қарпімен шығару жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстанның электронды үкімет сайтынан.  
«Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттары мен жеке куәліктері, басқа да құжаттары  латын қарпінің негізінде қазақ тілінде берілуі қамтамасыз етілсін. Орындалу мерзімі 2021-2025 жылдар», - делінген қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңімен ауыстыру туралы 2025 жылға дейінгі шаралар жоспарының жобасында.
Хабарда атап өтілгендей, латын қарпіне көшу Қазақстанда үш кезеңде өтеді: бірініш кезең 2018-2020 жылдары, екінші кезең 2021-2023 жылдар, үшінші кезең 2024-2025 жылдар.  
Сондай-ақ, хабарда айтылғандай, құжаттарды ауыстыруды қаржыландыруды бөлінген қаражат аясында жүргізу жоспарлануда.  


Жаңалықтармен бөлісу: