Қазақстанда төлем балансы 2018 жылы 2014 жылдан бері алғаш рет профицитпен қалыптасты

Күні: 11:37, 05-02-2019.

Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Төлем балансы 2018 жылы 2014 жылдан бері алғаш рет профицитпен қалыптасты, деп хабарлады Ұлттық банктің (ҰБ) баспасөз қызметінен.
«Алдын ала бағалау бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 2014 жылдан бастап алғаш рет профицитпен қалыптасып, 0,9 млрд АҚШ доллары болды. Жақсару оң сауда балансының айтарлықтай өсуі арқасында орын алды, ол 57,9%- ға ұлғайып, 27,4 млрд АҚШ долларын құрады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Қаржылық реттеуші түсіндіргендей, мұнайға әлемдік бағалардың жағымды конъюнктурасы нәтижесінде тауарлар экспорты 25,2%-ға өсіп, 61,9 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай және газ конденсаты экспорты (жалпы экспорттан 62,2%) 42,2%-ға ұлғайды.
«(16,9%-ға) инвестициялық тауарларды әкелу (жалпы импорттан 37,3%) бойынша орын алды. Тұтынушылық және аралық тауарлар импортының өсуі тиісінше 4,7% және 4,1 % болды. Төлем балансының жақсаруы 27,3%-ға 20,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайған тікелей шетелдік инвесторларға төлеуге арналған кірістерді тежеді», - деп нақтылады Ұлттық банктен.
Қаржылық реттеушінің ақпарынша, өзгермелі айырбастау бағамының режимі теңгеге сыртқы факторлардың өзгеруіне ден қоюға мүмкіндік берді.
«Нәтижесінде 2018 жылы нақты айырбастау бағамының аздап әлсіреуі (2,1% ж/ж) Қазақстанның тауар өндірушілерінің баға жағынан бәсекеге қабілеттілігін қолдады. Жалпы алғанда, оң ағымдағы шот теңгенің номиналдық бағамы нығаю жағына әлеуеті болатынын көздейді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қаржылық шот (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша 4,5 млрд АҚШ доллары оң сальдосымен қалыптасты, ол көбінесе резиденттердің сыртқы міндеттемелерінің төмендеуіне байланысты.
«Шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі 9,8%-ға өсіп, 4,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бейрезиденттердің кірістерін қазақстандық кәсіпорындардың капиталына қайта инвестициялау оларды әкелудің негізгі көзіне айналды», - деп мәлім етті қаржылық реттеуші.
Ұлттық банкте нақтыланғандай, ҚР Ұлттық қоры активтерінің өсуі, сондай-ақ Қазақстанның банктері мен кәсіпорындарының міндеттемелерін өтеуі портфельдік инвестициялар бойынша таза әкетілуге (5,8 млрд АҚШ доллары) алып келді. .
«Сонымен қоса, ҚР Қаржы министрлігі еурооблигацияларының жаңа шығарылымы 2018 жылғы 4-тоқсанда резиденттер міндеттемелерінің төмендеуін ішінара өтеді. Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30,9 млрд АҚШ доллары болып бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 8,1 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді», - деп хабарлады Ұлттық банктен.


Жаңалықтармен бөлісу: