Қазақстанда төртінші тоқсан басталғалы 4 мыңдай оқушы коронавирус жұқтырған

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда төртінші тоқсан басталғалы 4 мыңдай оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Оқытудың дәстүрлі түріне көшкелі бері оқушылар арасында КВИ өскені байқалады. Төртінші тоқсанның басынан бері 3706 оқушы ауырған, соның ішінде оффлайн оқып жатқандар – 1093, онлайн – 2613. Сонымен қатар төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқып жатқан оқушылар арасында әсіресе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары болып отыр. Онлайн-режимде оқып жатқандар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көрсеткіш жоғары», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол «қызыл» аймақтағы өңір әкімдеріне оффлайн оқытуға көшпеу туралы ұсыныс жасады.

adimage