Қазақстанда Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелеріне орай тағы үш қосымша пойыз шығарылады

Күні: 11:56, 11-12-2019.

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелеріне орай тағы үш қосымша пойыз шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Мереке күндері қарсаңында (Тәуелсіздік күні, Жаңа Жыл) «Жолаушылар тасымалы» АҚ екі бағыт бойынша қосымша электропойыздар шығарады: №6803/6804 Нұр-Сұлтан–Атбасар – 2019 жылы 17 және 31 желтоқсан, 2020 жылы 7 қаңтар; №7502/7501 Нұр-Сұлтан–Павлодар – 2019 жылы 14 және 28 желтоқсан, 2020 жылы 4 қаңтар; №7510/7509 Нұр-Сұлтан–Павлодар – 2019 жылы 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан, 2020 жылы 3, 4, 7 қаңтар», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, Алматы-2-ден 2020 жылдың 2 қаңтарында «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Ал кері бағытта Новосібір қаласынан 2020 жылы 4 қаңтарда жолға шығады.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, қысқы мереке кезінде Қазақстанда төрт бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарылады: Алматы-2–Шымкент, Алматы-2–Түркістан, Маңғыстау–Бейнеу, Нұр-Сұлтан–Шу.


Жаңалықтармен бөлісу: