Қазақстанда тұңғыш президент күні атап өтілуде

Күні: 10:24, 01-12-2019.

Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстанда тұңғыш президент күні атап өтілуде.
Елордада аталмыш мереке құрметіне еліміздің қалыптасуындағы Елбасының үлесі туралы бірқатар салтанатты шаралар, дәрістер, конференциялар, көрмелер, концерттер өтуде. «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасында оқушылар үшін «Брейн-ринг» интеллектуалды ойын форматында «Бір шаңырақ астында» мұражай сабағы ұйымдастырылады. Сәкен Сейфуллин мұражайында 1-5 желтоқсан аралығында «Елбасы-Ел мақтанышы» көрмесі өтеді. 1 желтоқсанда елорданың мәдени мекемелері қала қонақтары мен тұрғындарына мазмұнды мерекелік бағдарламаларын ұсынады. Қуыршақ театры «Арыстан патша» мюзиклін қарауға шақырады. Елордалық циркте сағат 16.00-де Contrast би ұжымы мен цирк әртістерінің қатысуымен дивертисмент өтеді. Бір сағаттан кейін «Жастар» сарайындағы «Періште күні» қайырымдылық спектакліне баруға болады. Сол уақытта «Астана» концерт залында «Тарих толқынында» концерті өтеді. Сағат 18:30-да «Nomad City Hall» театры «Қош, махаббат» мелодрамасын көрсетеді, ал Қалибек Қуанышбаев ат. мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драмалық театрында «Шәмші» спектаклін тамашалауға болады. Сонымен қатар, тұңғыш президент күніне арналған шаралар Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа да қалаларында жоспарланған.
Еске салсақ, жаңа мемлекеттік мереке – ҚР тұңғыш президент күні, 2011 жылдың желтоқсанында қабылданды. Бірінші рет Қазақстанда бұл мереке 2012 жылы атап өтілді.
ҚР Тұңғыш президент күні Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы еңбегін мойындау мақсатында бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы депутаттар тобы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұсыныс тастады.
Мереке күнін таңдап алуға 1991 жылы 1 желтоқсанда болған оқиға алғышарт болды. Бұл күні алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н.Назарбаев Қазақ КСР президенті лауазымына қайта сайланған еді. Оның алғашқы қадамдарының бірі Қазақ КСР-ны 1991 жылдың 10 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы деп өзгертуі, ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғары кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Тұңғыш президент күні 2019 жылы жексенбіге түскендіктен, жексенбі күнгі демалыс дүйсенбіге ауыстырылады, сөйтіп қазақстандықтар үш күн демалады.


Жаңалықтармен бөлісу: