Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда Т1 трлн астам сомаға мемлекеттік-жеке әріптестік жобалары жүзеге асырылуда, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек.
«Бүгінде Қазақстанда түрлі салаларда МЖӘ аясында Т1 трлн сомаға 548 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар ұзақмерзімді», - деді Қасымбек дүйсенбідегі үкімет отырысында.
МЖӘ-дағы проблемалы мәселелер туралы айтар болсақ, ол «шығындар толығымен жабылатындай етіп жобаларды басқаруға назар аудару керектігін» айтты.
Өз кезегінде премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смаилов, МЖӘ аясындағы жобалар санының өсімін атап өтіп, меморгандар мен өңірлік әкімдіктерді МЖӘ қолдану аясын кеңейтуге шақырды.
«Бюджет қаржысын талап етпейтін жобаларды жандандыру керек. Бұл инестиция тартуды көбейтеді», - деді Смаилов.
Қазақстанда Т1 трлн астам сомаға МЖӘ жобасы жүзеге асырылуда
