Қазақстанда Т4,1 млрд. сомаға 469 нысан жария етілген

Күні: 17:08, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда Т4,1 млрд-ға 469 нысан жария етілген, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметінен.  
«ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 40,7 млрд. теңгені құрайтын мүлікті жария етуге 5 009 өтініш түсті. Оның ішінде  29,3 млрд теңге сомасында   3 965 тұрғын үй нысаны жария етуге мәлімделді. 10,7 млрд теңгеге 2 018 тұрғын үй емес  нысан жария етілсе, соның ішінде 5,6 млрд теңгеге 392 коммерциялық нысан , 0,7 млрд теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысу үлестерін жария етуге 9 өтініш түсті», - делінген сейсенбіде таратылған ҚМ хабарында.  
Хабарда көрсетілгендей, 2014 жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша Т4,1 млрд сомаға 469 нысан жария етілген.  
Мүлікті жария етуге түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келеді (сәйкесінше 1363 және 1224). Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы  (527 өтініш). Азаматтардың белсенділігі бойынша соңғы орында, бұрынғысынша, Маңғыстау облысы тұр - акция басталғаннан бері жария етуге небары 26 өтініш түсті.
ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылдың 10 қазанындағы  есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы Т1, 714 млрд.  ақшаны жария етуге 14 жинақтау шоты ашылды, олардың ішінде жинақтау шотынан Т334,6 млн.теңге алынды, ақшаны жария еткені үшін бюджетке Т37,2 млн.  алым төленді. ҚР экономикасына Т1 млн инвестицияланды.  
ҚР ҚМ ақпарынша,   салық органдарына ҚР шегінен тыс жердегі мүлікті жария етуге өтініштер түспеген.  


Жаңалықтармен бөлісу: