Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда тағы бір облыс «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлады COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Сәрсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар еді. Оларға кеше Қызылорда және Маңғыстау облыстары қосылды.
Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған «сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстары бар еді. Енді оларға Қостанай облысы қосылды.
Жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін «жасыл» аймақта Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
Қазақстанның өзі болса «қызыл» аймақта.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34