Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда тағы бір жоғары лауазымды шенеунік жауапты хатшы лауазымынан айырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - деп хабарлады сейсенбі күні Ақорда.
Әмірғалиев 2019 жылдың наурызынан бері әділет министрлігінің жауапты хатшысы болған, ал 2017 жылдың қаңтарынан бастап президент істері басқармасының аппаратын басқарған, оның алдында 2011-2017 жылдары президент істері басқармасының заң бөлімінің меңгерушісі болған.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған кезде «жауапты хатшылар институтын таратып, олардың қызметтерін министрлік аппараттарының басшыларына жүктеу қажеттігін» айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «сұраныс бір адамнан болуы тиіс – президент тағайындаған министрден».
Кейін ҚазТАГ ХАА кем дегенде Қазақстан президенті тағайындаған 15 топ-шенеунік Тоқаевтың соңғы тапсырмасына сәйкес жұмыстарынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.
.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26