Қазақстанда тағы екі министрліктің жауапты хатшылары қызметтерінен босатылды

Күні: 15:34, 21-10-2020.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда тағы екі министрліктің жауапты хатшылары қызметтерінен босатылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған кезде «жауапты хатшылар институтын таратып, олардың қызметтерін министрлік аппараттарының басшыларына жүктеу қажеттігін» айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «сұраныс бір адамнан болуы тиіс – президент тағайындаған министрден».
Кейін ҚазТАГ ХАА кем дегенде Қазақстан президенті тағайындаған 15 топ-шенеунік Тоқаевтың соңғы тапсырмасына сәйкес жұмыстарынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.


Жаңалықтармен бөлісу: