Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда тарап жатқан құс тұмауы адамдарға қауіпті емес, деген сенімде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Құстарда табылған тұмау түрі адамдарға жұқпайды. Ондай жағдай анықталған жоқ және ол жалпы адамдарға жұқпайды», - деді Цой бейсенбідегі брифингте.
Ол аталмыш вирустың әлемде бұрыннан барын және әзірге оның адамға жұғу дерегінің тіркелмегенін атап өтті.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА Солтүстік Қазақстан облысы бірқатар елді-мекенінде үй құстарының қырылу дерегінің тіркелгенін хабарлаған еді. Қазақстан бұл жағдай туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде СҚО-дағы құстардың қырылуынан орын алған шығындарға өтемақы төлеуге уәде берді, сонымен қатар өңірге құс тұмауын жабайы ұшып келген құстар әкелуі мүмкін деген нұсқаларын да айтты.
21 қыркүйекте АШМ мәлімдегендей, құстардың қырылуы Қазақстанның бес облысында тіркелген.
1 қазанда ауыл шаруашылықмині Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкентте, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында құс өлімінің азайғанын мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51