Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 1,1 млн тоннадан асты

    Астана.5 июнь.ҚазТАГ- Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 1,1 млн тоннадан асты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
   «2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Осылайша өткен жылы теңіз көлігімен 1 193,7 мың тонна тасымалданды — бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық. (2021 ж. – 812,9 мың тонна)»,- делінген хабарламада.
Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3% артық. (2021 ж. – 552,8 млн ткм).
   Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген. Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің 23% шыққан жылы 25 жылдан асқан, 22% 16-дан 20 жылға дейін, тағы 26,6% 11-ден 15 жылға дейін, теңіз көлігінің 9,9% шыққан жылы 5 жылдан аз.

adimage