Қазақстанда тек бірнеше зертхана ғана Эбола вирусына зерттеу жүргізе алады

Алматы. Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда тек бірнеше зертхана ғана Эбола вирусына зерттеу жүргізе алады, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының (СЭСжМҒПО) сарапшысы Әлім Айқымбаев.
«Бізде бұл (Эбола безгегінің – ҚазТАГ) вирусына зерттеу жүргізе алатын зертханалар анықталды. Бұл патогендіктің бірінші тобын тудырушылармен жұмыс жасауға құқылы зертханалар, сол себепті ол зерттеулер барлық зертханада бірдей жүргізілмейтін болады», - деді Ә. Айқымбаев ҚазТАГ агенттігіне.
Мұнымен қатар ол аурудың зертханалық тексерістері инкубациялық кезең аяқталып, Эбола белгілерінің пайда болғанынан кейін басталатынын атап өтті.
«Ол асықпай келіп жетеді. Инкубациялық кезең өтеді, біршама уақыттан соң оның (жұқтырушының – ҚазТАГ) халі нашарлайды. Ол дәрігердің қабылдауына келеді, және дәрігер жұқтырудың ықтимал жолдарын анықтай келе, әлгінің шетелде болғанын біледі. Бұл алаңдатарлық дерек болады, оны тексеріп жатып, науқасты зертханалық бақылаудан өткізеді», - деп түсіндірді Ә. Айқымбаев.

adimage