Қазақстанда Технологияларды коммерцияландыру орталығы таратылды

Күні: 19:14, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда Технологияларды коммерцияландыру орталығы таратылды, делінген үкімет қаулысында.
«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС таратылсын», - делінген сейсенбіде таратылған құжатта.
Еске салсақ, ҚазТАГ ХАА 25 қаңтарда министрлер кабинетінің Технологияларды коммерцияландыру орталығын тарату жоспары туралы хабарлаған еді. Ол кезде білім және ғылым бұрынғы министрі Ерлан Сағадиев орталықтың таратылуын аталмыш заңды тұлғаның жұмыс жасамауымен түсіндірген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: